Сондай-ақ қараңыз
Процестің күрделі техникалық бөлігін бір жаққа қалдырып, криптовалютаның не екенін және оның қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысамыз.
«Валюта» бұл жағдайда — түйін сөз, бұл шын мәнінде балама ақша, олардың басты ерекшелігі — орталықтандырылған бақылаудың толықтай жоқтығы.
Сондай-ақ, әдеттегі ақшадан олардың ерекшелігі - лимиттелген саны. Виртуалды ақшалардың шексіз санын «басып шығару» мүмкін емес. Сондықтан, оларды долларымен немесе еуромен емес, бағалы металдармен жиі салыстырады.
Биткоин - бұл алғашқы орталықтандырылмаған цифрлық валюта. Биткоин 2009 жылы құрылған. Ол туралы алғашқы ақпарат 2008 жылы 31қазанда пайда болған, өзін Сатоши Накамото деп атаған адам валютаны жасаушы болып саналады, ол «Bitcoin: A Peer-to-Peer Electronic Cash System» мақаласын жариялаған. Дәл осы биткоин криптовалюта дәуірінің іргесін қалады. Әрі қарай алғашқы блок және алғашқы 50 биткоин генерацияланды. Содан кейін бірінші транзакция және фиатты валюталарға алғашқы айырбастау. 2010 жылы 25 сәуірде 1 000 биткоин 0,3 центтен алғаш рет ресми саудаланды, сол уақыттан бастап бағам 19 000 доллар белгісіне жетті.
Биткоиндер желіде әлемдік майнерлермен генерацияланады. Миллиондаған компьютерлер күн сайын жаңа блоктар құрып, транзакцияларды жазып, белгілі бір жұмысты орындайды. Бұл ретте желі, биткоиндердің белгілі бір болжамды саны құрылатындай етіп, реттеледі. Айтпақшы, биткоиндер саны қатаң шектеулі — 21 миллион монета — сондықтан да оны цифрлық алтын деп атайды.
2016-2017 жылдары биткоин саудасы қарапайым трейдерлер мен ірі инвесторлар арасында кеңінен тарала бастады. CME Group және CBOE Global Markets сияқты әлемдік жетекші сауда алаңдары биткоинге фьючерстер саудасының басталуын алдын ала құлақтандырады. Биткоин цифрлық валюталардың ішінде ең танымал және сұранысқа ие болып отыр, ол әлемдік қаржы жүйесіне мықтап еніп, нақты активке айналды.
Криптовалютаны сатып алмай-ақ биткоин бағамының өзгерісінде табыс табуға болады. Бұл үшін биткоин бағасының айырмасына (CFD) келісім-шарт сатып алу жеткілікті. Бұл келісім-шарт сіздің шотыңызда ашық болған кезде, биткоинның құны өскенде оны иеленгендей көлемде пайда алатын боласыз — криптовалюта құнының қозғалысын дұрыс анықтасаңыз болғаны.
Биткоин Форекс нарығына «жаңадан келуіне» қарамастан, осы активпен саудалауда білуге көмектесетін бірқатар ұсыныстар бар. Бірінші кезекте биткоинның жаңалықтарға сезімталдығын атап өткен жөн. Және бұл аспапты АҚШ экономикасының жай-күйі қызықтырмайды, мұнда криптовалюта әлемінің жаңалықтары басты рөл атқарады. Ірі компаниялар тарапынан қомақты инвестициялар, криптобиржаларға хакерлік шабуылдар немесе билік және реттеуіштер тарапынан мәлімдемелер — позицияларды ашқан кезде осыларға назар аудару керек. Стратегияны таңдағанда, қарапайым базалық сауда жүйелеріне тоқтауды ұсынамыз. Әрине, мани-менеджмент және стоп-лостар туралы ұмытпаған жөн.
Егер сіз қаржы нарығына жаңадан келген болсаңыз — позициияларды ашпас бұрын сіз аналитиктердің ұсыныстарын пайдалана аласыз. Мысалы, ИнстаФорекстің аналитиктері күн сайын биткоин бағамының қозғалысын болжау қамтылған мақалаларын жариялап тұрады.
Қорытындылай келе, биткоин саудасы соншалықты қиын емес деуге болады. Биткоин бағамының өзгерісі доллардың басқа валюталарға қатысты өсуіне немесе құлдырауына тәуелді емес және оған күн сайын көбірек назар аударылуда. Биткоин әлем трейдерлерінің портфельдеріндегі өз жолын жаңа бастауда және осы жолы сіздің осы бастаманы жіберіп алмау мүмкіндігіңіз бар. Цифрлық валюталар дәуірінің басталуы!
Әлемдегі алғашқы криптовалюта — биткоин — 10 жыл бұрын пайда болғанына қарамастан, цифрлық валюталардың құқықтық мәртебесі әлі күнге дейін нақты анықталған жоқ. Алайда ифрлық ақшаның танымалдығы артуда, яғни әлемдік қауымдастық және жекелеген елдер осы мәселені шешуі тиіс. Әзірше қандай да бір жалпы құқықтық мәртебе туралы сөз қозғауға әлі ерте, бірақ бірқатар елдер қазірдің өзінде криптовалютаның айналымын реттеуге мүмкіндік беретін заңнамалық базаны әзірлеуге кірісті. Негізгі екі лагерь бар. Біреулері виртуалды ақшаны пайдалануға тыйым салуға немесе шектеуге ниетті. Олардың арасында Бангладеш, Боливия, Қытай, Эквадор, Исландия, Индонезия, Қырғызстан, Ливан, Ресей, Таиланд, Вьетнам және т. б. Екіншілері криптовалютаны өз экономикасына енгізу үшін нормативтік-құқықтық базаны дайындауда. Бұл Аустралия, Бельгия, Канада, Кипр, Дания, Франция, Германия, Гонконг, Израиль, Италия, Жапония, Жаңа Зеландия, Норвегия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Испания, Швейцария, Швеция, Түркия, Англия, АҚШ және т. б.
Жапония бұл мәселеде бәрінен озық тұр — онда биткоин төлем құралы ретінде ресми түрде танылған. Қытайда оны әзірге тек жеке тұлғалар пайдалана алады. Еуроодақта биткоиндармен операциялар валюталар, монеталар мен банкноттармен төлем операциялары ретінде қарастырылады, яғни биткоин салық салуға жататын активтерге жатпайды. Айтпақшы, салықтар — басты мәселелердің бірі. Цифрлық валюта нарығын капиталға айналдыру рекордтық ауқымға жетті және өсіп келеді. Бірде-бір мемлекеттік аппарат осындай нарықты салықтар мен алымдарсыз қалдырмайды.
Криптовалюта — бұл заң шығарушыларды шаң қаптырған, ауқымды алға басу. Әзірге түрлі елдердің үкіметтері ортақ шешімге келе алмай, анықтама беруде қиналуда. Кейбірі биткоинге мүмкіндік берді, басқалары неғұрлым жеңіл жолды — тыйым салулар мен шектеулерді таңдады. Алайда, Биткоинның негізгі мүмкіншілігі болып табылатын орталықтандырылмау, бақылау мүмкіндігін айтарлықтай шектейді. Сондықтан сарапшылардың көпшілігі, елдердің басшылығына криптовалютаны қабылдап, құқықтық мәртебесін анықтаудан басқа жол қалмайды деп санайды.
Жаңа сауда аспабымен жұмыс істеуді бастаңыз — пайданы дәл қазір алыңыз! Биткоинге әр-түрлі қарауға болады, бірақ бұл құбылысты елемеуге болмайды. Цифрлық валюталар дәуіріне дәл уақытында кірудің мүмкіндігін пайдаланып қалыңыз! Ал ИнстаФорекс сізге көмектеседі!
Біз ұсынамыз:
Ең бастысы — біздің беделіміз! ИнстаФорекс компаниясы өзін сенімді серіктес ретінде көрсете білді. Сіз бізге сенімді бола аласыз, өйткені бізді 7 000 000 клиент таңдады.