Сондай-ақ қараңыз
Егер көптеген саланы қамтыған әлемдік экономикалық құлдырау кезінде табысқа жеткен нарық бар болса,онда бұл - халықаралық валюта нарығы.
Соңғы онжылдықта аты онша белгілі емес жұмыс түрінен қор нарықтарындағы дәстүрлі сауданың тіршілікке қабілетті баламасына айналуға мүмкіндік беріп, Forex нарығына деген қызығушылық күрт артып кетті. Бір жағынан бұған себеп болғаны - әр-алуан негізгі валюталардың арасында орын алған тұрлаусыздық, бір жағынан – қаржы-экономикалық дағдарыс басталғаннан бері басқа нарық басынан кешіп отырған елеулі сәтсіздіктер.
Пакциялардың дәстүрлі саудасымен салыстырғанда, инвесторларға ашылған Forex нарығының маңызды артықшылықтарының бірі- оның ашықтығы. Акциялардың құнына кері әсерін тигізуі ықтимал ақпаратты компаниялар қолайлы сәтке дейін жасырып қалатын кезде, валюталық нарығына қатысушылар ашық әрекет етеді. Бұл шешім ашы тәжірибеге негізделеді. Әлемдік дағдарыс кезінде акциялардың кәнігі аңшылары да ойсырады, ал ауқымды және тұрақты компаниялар жартылай арзандады немесе толығымен күйіп кетті. Нәтижесінде, көптеген инвестициялық қорлар бір түннің ішінде қомақты қаржыдан айырылды. Forex-тің қатардағы инвесторға деген пиғылы кең, оны ашық әрі салиқалы саудаға жіберуге даын. Мұнда валютамен байланысты әрең байқалатын көптеген ерекшеліктер талап етілмейді, мәселені аздап түсінетін жанның бәрі Forex-ке қомақты қаржыны сала алады. Әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдай Forex-тің үсті-үстіне артып отырған танымалдылығына оң әсерін тигізуде, өйткені сауда келісімдері, елдің жылдық бюджеті және тоқсандық экономикалық болжам туралы жаңалықтар ағыны, инвесторлардың түрлі валютаны сатып алуға ерікті болуына ықпалын тигізуде. Алайда, жаңа бастаған жанның гуру-трейдерге жетуіне бір-ақ қадам бар деген Forex-тің кәсіпқойларының айтқандарына сене беруге болмайды. Валюталардың қозғалысында белгілі бір жәйттердің жасырынғанын түсіну тек тәжірибемен келеді, ал, капитал салымдарының және тәуекелдерді бөлудің мүмкіндігін кеңейтетін атаулары ұқсас валюталардың жосығы да ұқсас (мысалы, Австралия доллары мен Жаңа Зеландия доллары). Бұл модельдерді тану маңызды, әсіресе, Жапония мен Жаңа Зеландияда орын алған жер сілкінісі сияқты апаттың салдарын бағалау кезінде, содан кейін көптеген валюталар, осы апаттан кейін орын алған, шығынға ұқсас домино әсерін сезінгені анық. Валютаның тұрақсыздығы оны трейдингтің фавориті етуі де мүмкін. Бұрынғы америка экономикасының жандануы мен оның басты қарсыласы - Қытайдың өсу қарқынының артуы тұрғысынан, негізгі валюта – АҚШ долларының – бірте-бірте төмендеуі кездейсоқтық емес. Мұндай жағдайларда трейдерлер АҚШ-ғы сандық жұмсартудың бағдарламасына ұқсас шараларға жүгіне алады. Нарық, ұзақ уақыт бойына төмендейтін валютаға қатерлі салымдарды болдырмауға тырысатынын түсіне отырып, тәжірибелі инвесторлар табысты қысқа мерзімді инвестициялар жасайды. Алайда, уақытты жақсылап есептеу мен сәттілікке негізделген инвестициялық шешімдер де бар. Ал еуроның қозғалысын болжау үшін, қазіргі кезде Грекияның экономикасы шоғырланғанның бәріне толықтай назар аудару қажет болады. Бірақ бұл жерде де Грекияның көрсеткіштері нарыққа жағымсыз әсер етуінен туындаған белгісіздік Франция және Германия сияқты елдердің экономикасының қарқынды өсуімен өтеледі. Нәтижесінде еуро бір сәтте көкке көтеріліп немесе шыңырауға дейін құлдырауы мүмкін, сондықтан онымен сауданы «болжап болмайтын» деп бағалаған жөн. Бірақ Forex-тегі компаниялар ағыны азаймайынша, трейдинг үшін жаңа мүмкіндіктер толастар емес. Оның үстіне, қазірде танымал мобильді интернет әркімге валюта саудасының қуанышын сезінуге мүмкіндік береді.
«European CEO» Журналы, Тамыз-Қыркүйек 2011
Кері