empty
 
 
Forex: Азиядағы үздік ойыншыға көзқарас

Forex: Азиядағы үздік ойыншыға көзқарас

ИнстаФинтех Group PR-директоры Екатерина Абрамовамен сұхбат

Insta Forex брокері IAIR журналының пікірі бойынша «Азиядағы үздік Форекс - брокер» марапатына ие болды. Қандай себеппен сіз өзіңіздің мақсатты аудиторияңыз ретінде -азиялық нарықты таңдадыңыз?

Бір жағынан, біз у Азияда дамып келе жатқан Форекс нарығы әркімге ұсына алатын мүмкіндіктерін көрдік. Екінші жағынан, біз мониторинг жүргізіп, біздің негізгі артықшылықтарымыз азия өңірінде гипер бәсекелес болуға мүмкіндік беретінін түсіндік. Біздің Азиядағы бақытты клиенттеріміздің ауқымды базасы біз дұрыс бағытта келе жатқанымыздың дәлелі болып табылады. IAIR журналына марапаты үшін алғыс білліреміз, сіздер азия өңіріндегі Форекс нарығын мұқият зерттеп, бізді «Азиядағы үздік Форекс - брокер» деп бағаладыңыздар.

Инновациялар, барлық бағыттағы дәл үдемелі қозғалыс, командалық жұмыс және ашықтық – бұл Insta Forex компаниясының негізгі мақсаттары. Сіздің табысқа нарықтағы, әсіресе Азиядағы құпияларыңыз қандай?

Жоғарыда аталғандарға қосатынымыз, біздің жұмысымызда компания ұсынатын мүмкіндіктер туралы барынша түсінікті етіп баяндау үшін, біз өңірдің бейресми көшбасшыларымен жеке кездесулерге көп мән береміз. Біз үнемі ерекше бірдеңелерді ойлап тауып, енгіземіз, ұсынамыз, мысалы, конкурстар, ерекше промо-акциялар, соңғы инновациялық жетістіктер. Біз өте креативтіміз, бұл Азиядағы клиенттердің көңілінен шығуда.


Insta Forex клиенттермен жұмыс істеудің дербес тәсілін ұстанады және оларға қоғамдастық трейдерлер қауымдастығының толыққанды мүшесі болуға көмектеседі. Сонымен, сіз трейдерлерге қандай артықшылықтар ұсынасыз?

Біз трейдерлерге, сондай-ақ серіктестерге ұсынатын бірқатар артықшылықтар бар. Трейдерлерге нарықта ұсынылатынның ішіндегі ең жоғарғысы, әр депозиттің сомасынан 30% бонус, сондай-ақ еркін қаражатқа ең тиімді жылдық пайыздық – 13% мөлшерлемесі де ұнайды. VIP - клиенттер Форекс нарығында клиенттің капиталын қорғаудың ең жақсы әдісі деп айтуға болатын, бөліктелген шоттардағы жұмыстың кереметтігінен ләззат ала алады. Оқуға және трейдингке уақыты жоқ адамдар, инвестициялау үшін шоттарды могут оңай табуға мүмкіндік беретін біздің бірегей ПАММ-жүйемізді пайдалана алады.

Серіктестерге арналған артықшылықтарға толығырақ тоқтала аласыз ба?

Негізгі үш артықшылықты айтуға болады. Әрбір серіктестің ақша табу мақсатын еске түсірейік – сондықтан, серіктестер үшін бізде нарықтағы ең жоғары комиссия – әрбір мәміледен 1,5 пункт. Екінші – ол мотивация. Серіктес өзінің бизнесін компаниямен бірге дамытады. Ол неғұрлым көп ақша тапса, трейдерлерді неғұрлым көп тартса, серіктес үшін шарттар соғұрлым тиімдірек болады. Және үшіншісі – аналитика. Бізде аналитикалық аспаптардың кең ауқымы бар: бойынша статистика, one-click, серіктеске трафик ресурстары бойынша ақпарат, табыстағы комиссиялар жөніндегі түрлі статистика және т. б. Осының барлығы серіктеске стратегиясын өзгертіп және жетілдіруге мүмкіндік береді. Және соңғысы. Біз клиенттерді тарту үшін көптеген аспаптарды ұсынамыз: бұл заманауи баннерлер және виджеттер (информерлер), видео және аналитикалық шолулар, RSS лента, оқыту материалдары, серіктестік сайтты тегін алу мүмкіндігі және рибейт жүйесі. Серіктес әрбір трейдер үшін рибейт деңгейін таңдай алады, сонда ақша автоматты түрде оның шотына жазылады. Осылайша, серіктес трейдерлерді тартудың маңызды аспаптарын иеленіп, бухгалтерияны жүргізуге көп уақытын жұмсамайды.


Соңғы жарты жылда валюта нарығы тұрақты болмады. Құбылмалылық жоғары болғанда сіздер қалай саудалайсыздар?

Бір жағынан, бұл мәселе біз үшін маңызды емес, өйткені брокер табысты спрэдтерден табады, ал оған құбылмалылық еш әсер етпейді. Дегенмен, трейдерлер жоғалтып нарықтың тұрақсыз болуынан қаражаттарынан айырылып, трейдингке қайтып келмеу қаупі де бар ғой. Осылайша, біздің аналитиктеріміз бен білім беру орталықтары клиенттерге техникалық қолдау көрсетіп, қажетті ұсынымдармен қамтамасыз ету үшін тынымсыз жұмыс істейді.

ИнстаФорекс компаниясы алдына қандай мақсаттар қойған?

Әрбір компанияның әрқашан негізгі екі мақсаты бар деуге болады: өзінің пайдасын арттыру және өз клиенттерінің көңілінен шығу. Бұл жерде атап өту маңызды, бұл қанағаттанған клиент – бұл табыс алуға жасалған жай ғана тағы бір қадам емес, бұл табысты компанияның іргетасы, философиясы. Алдымызға қойған мақсаттарымызға жету үшін техникалық инновацияларды көбірек енгізе отырып, бәрін жасауға тырысамыз. Нақтырақ айтар болсақ, компания өзінің географиясын кеңейте отырып, неғұрлым ауқымды бола түсуде. Яғни, әлемдік картада ИнстаФорекс қамтымаған елдер қатары азаюы керек. компанияның келесі мақсаты Латын Америкасы. Алайда, ағымдағы қадамды сақтай отырып, алға жылжу өте маңызды. Осы тұрғыдан алғанда Азия әлі де біз үшін алдыңғы мақсатты болып қалады және аталған марапат European CEO еуропалық журналының жаһандық перспективаларға қатысты жақында табыстаған «Үздік ритейл - брокер» сыйлығымен бірге – бұл мақсатқа жету жолындағы бізге берілген жоғары баға болмақ.

IAIR журналы, қазан-желтоқсан 2011
Назад

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.