Сондай-ақ қараңыз
Форекс валюта нарығының көшбасшыларының бірі– ИнстаФорекс компаниясын таныстырмас бұрын – нарықтың өзіндегі ағымдағы жағдайды сипаттаудан бастау әбден қисынды болмақ. Көшбасшының алып отырған позицияларының іргетасы қаншалықты мықты екенін және компанияның одан әрі даму келешегі қандай екенін тек осылай ғана түсінуге болады.
Егжей-тегжейлі сипаттамай-ақ, Форекс халықаралық нарығын бүгін бірнеше сөздермен сипаттауға болады: өсіп келе жатқан, болашағы зор, мағынасы кең және мүлдем әрқилы (қатысушылардың деңгейі мен жиынтығына өатысты). Дәл осы соңғы сипаттамаға толығырақ тоқталайық. Әр түрлі қаржы дағдарысының алдындағы орнықтылық (Форекстің жұмыс принципінің арқасында), инвестициялық тартымдылығы және инвестицияларды абсолютке жақын жедел басқару Форекс нарығын трейдерлер үшін ғана емес, брокериджден білім беру курстарына дейінгі, кеңесшілерді сатудан Форекс-көрмелерді ұйымдастыруға дейінгі қызметтерге маманданған көптеген компаниялар үшін де жерұйыққа айналды. Алайда, егер нарыққа кіру шегін қатардағы компания да еңсере алатын болса, онда тұрақтап қалу, тіпті, көптеген трейдерлердің сеніміне ие болып, кһшбасшылар қатарынан көріну айрықша компаниялармен осындай топ-менеджменттің ғана қолынан келмек.
Егер сіз бүгін іздестірушіге екі сөзді – «forex», «broker» енгізсеңіз, онда Форекс нарығына қол жеткізу қызметтерін ұсынатын көптеген компанияларды таба аласыз. Алайда, әлемде тек 15-20 компания- брокерді ғана сапалы сервисі және трейдингке әмбебап тәсілі бар шынайы сенімді деп атауға болады. Қалған компаниялардың бірінші эшелонның брокерлерімен бәсекелесу үшін қажетті қаржылық та, кадрлық та, коммуникациялық ресурстары да жоқ. Форекс-брокерлердің авангардында болып, тиісті деңгейдегі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін(клиенттік база 100 000 астам трейдер; агрессивті географиялық экспансия; аспаптардың әмбебап және бай тізбесі; сауда шарттарының барынша ыңғайлы жиынтығы), компанияларға өз қызметінің барлық бағыттарына қомақты қаражат пен ресурстарды салу қажет болады. Сонда ғана әлемдік валюта дастарханынан қоқымдарды термей, Форекс-«бәліштің» үлкен кесегінен дәметуге болады. Бұл ретте Форекс-брокерлердің көп бөлігі аздаған шығын жұмсап, қоқымдарды теруге де разы. Алайда, бұл тәсілдің келешегі жоқ. Ерте ме, кеш пе трейдерлер екінші және үшінші эшелонның шағын брокерлерінен – көшбасшыларға кетеді. Сонымен қатар, валюта нарығын «тазарту» процесі де басталды. Бұл ретте, ұсақ брокерледен неғұрлым ірісіне кетіп жатқан трейдерлердің өздері осы процестің негізгі реттеушісі (катализатор) болып келеді. Белсенді жұмыс істейтін трейдерлер көшбасшылық сегментінде топтастырылып, шақын брокерлерді бәліштің қиқымдарымен қалдыруда. Сонымен қатар, Форекті байқап көруге шешім қабылдаған трейдер бірінші кезіккен брокерде аккаунт ашқан уақыт артта қалды. Қазіргі трейдер нақты сауда басталғанға дейін жеке, кәсіби тәсілдемеге және жұмыстың қолайлы жағдайларына үміттенеді, ал оны тек мықты мамандар ғана ұсына алады.
Бүгіндері нарықтың көшбасшыларын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: институционалдық брокерлер (Форекс-банктердің бөлімшелері); қомақты уақыттары болып, жылдар бойы "жемін" өсірген байырғылар; және бірнеше жылда «нарықтың жетекші» санатына дейін жеткен, келешегі бар жас компаниялар. Соңғыларының айрықша белгілері инновациялық тәсіл, агрессивті маркетингтік саясат, сауда шарттарының бірегейлігі және ыңғайлылығы, сондай-ақ басқа көшбасшылардың қасында айқын көрінетін даму динамикасы. Үшінші топтың көшбасшыларының жарқын өкілі халықаралық Форекс-брокер – ИнстаФорекс компанисы болып табылады. Нарықта болған екі жылдың ішінде ИнстаФорекс компаниясы нарықтық авангард бойынша көршілерін біраз састырды. Алайда, бәсекелестік күреске деген мұндай агрессивті тәсіл мен компанияның келешекте ұзақ мерзімді дамуының мықты позициясын жаулап алу үшін жұмсалған қомақты ресурстар тұтынушыларға пайдалы болмақ. Трейдерлер ИнстаФорекс компаниясының тартымдылығын бағалап үлгерді және компанияда ашылған сауда шоттары арқылы жоғарыда айтылғанның бәрімен келіскенін көрсетеді. Қазірдің өзінде әлемнің 80 елінен 200 000 астам трейдер компанияның клиенті болып табылады. Қазіргі таңда, нарықтағы үздік сауда шарттарынан басқа, ИнстаФорекс компаниясы өз клиенттеріне бірегей аспаптар жинағын (бөліктелген шоттар, VIP шоттар, ПАММ шоттар, центтік шоттар, InstaRebate спредті қайтару жүйесін), жылдық жүлде қоры 300 000 доллардан асатын конкурстар мен акциялардың сериясын және тағы басқаларын ұсынады.
ИнстаФорекс – компаниясы - жәй форекс - брокер емес, ИнстаФорекс - бұл тұтас компаниялар тобын біріктірген, Форекс нарығындағы ықтимал бағыттары мен сегменттерді: қаржы және инвестициялар, оқыту және білім беру, ақпараттық технологиялар және медиа-бизнесті қамтитын қалыптасқан бренд. ИнстаФорекс – бұл – нағыз көшбасшы, онымен ынтымақтастық пайдалы және конструктивті. Осы брокермен жұмысты бастап, оны жалғастыра бергің келеді.
"World Finance" журналы, Маусым 2010
Кері